Мемлекеттік хатшы ғылыми активпен кездесті

Фотография - Мемлекеттік хатшы ғылыми активпен кездесті

Бүгін Ақордада «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Елбасы Жолдауының негізгі бағыттарын талдау және зерттеуді үйлестіру жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының алғашқы отырысы болып өтті

215 0

Бүгін Ақордада «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Елбасы Жолдауының негізгі бағыттарын талдау және зерттеуді үйлестіру жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының алғашқы отырысы болып өтті.

Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен аталған басқосуға Үкімет мүшелері, Президент Әкімшілігінің өкілдері, елдегі ЖОО ректорлары, ғылыми-зерттеу инстиуттарының жетекшілері, республиканың ғылыми активі және танымал сарапшылар қатысты.

Жиын барысында сөз алғандар елдегі ғылыми қоғамдастықтың алдына қойылып отырған нақты тапсырмалар жөнінде кеңінен сөз қозғады. Сонымен қатар, қоғамдық-гуманитарлық саладағы мамандарды даярлау, орта кезеңдегі ғылыми құрылым жұмысының зерттеу приоритеттері де назардан тыс қалған жоқ.

Басқосуды қорытындылаған Марат Тәжин болса жаңа мемлекеттік ғылыми тапсырысты қабылдау және кәсіби зерттеушілер арасында бәсекелестік нарығын дамыту мәселелерін мемлекеттік органдардың құзырына жүктеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!