Қазақстанда сәуірдің 22-27 аралығында иммундау апталығы өткізіледі

Фотография - Қазақстанда сәуірдің 22-27 аралығында иммундау апталығы өткізіледі

Қазақстанда 2012 жылғы сәуірдің 22-27 аралығында Еуропалық иммундау апталығы өткізіледі. Аталған акция Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропаның барлық елдерінде ұйымдастырылады

347 0

Қазақстанда 2012 жылғы сәуірдің 22-27 аралығында Еуропалық иммундау апталығы өткізіледі. Аталған акция Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропаның барлық елдерінде ұйымдастырылады, деп хабарлады ҚР ДСМ баспасөз қызметінен.

Жыл сайын өткізілетін акцияның мақсаты - иммундаудың маңыздылығын насихаттау, егулермен толық қамту туралы халықты хабардар ету деңгейін арттыру үшін үгіттеу және мақсатты үндеу жүргізу болып табылады.

Иммундау апталығы аясында инфекциялық ауруларға қарсы белгіленген мерзімде егілмеген барлық жастағы адамдарды анықтау және егу жұмыстары жүргізіледі. 

Ағымдағы жылы Қазақстандағы Еуропалық иммундау апталығы «Өз әлеміңді қорға - вакцина ал» деген ұранмен өтуде.

2013 жылы Қазақстан аумағындағы Еуропалық иммундау апталығы іс-шараларының негізгі бағыттары: халықтың иммундық профилактикаға сенімді қарым-қатынасын  қалыптастыру, иммундық профилактиканың қауіпсіздігі туралы халыққа ақпарат беру; инфекциялық ауруларға қарсы қорғанудың қажеттілігі туралы және қоғам үшін иммундаумен жеткіліксіз қамтудың салдарлары туралы халықты, қоғамды және медицина қызметкерлерін ақпараттандыруды жақсарту; вакцинацияның жоқтығына медицина қызметкерлері мен ата-аналардың тоқмейілсуіне көңіл аудара отырып, вакцинациядан бас тартуға байланысты қатерлерге және оның зардаптарына назар аударту; өмірлеріне вакцинаның көмегімен алдын алуға болатын аурулар әсер еткен адамдарға сөз беру; әкімшілік аумақтардағы атқарушы органдар басшыларының назарын иммундық алдын алу мәселелеріне аудару болып табылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!