Шілдеден бастап Қазақстан аумағына ескі көліктер кірмейді

Фотография - Шілдеден бастап Қазақстан аумағына ескі көліктер кірмейді

Сондықтан елімізге Еуро-3 стандартына сәйкес келетін 2005 жылдан ерте шыққан көліктерге кіріп тіркелуге тиым салынбақ.

153 0

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан аумағына енетін шетелдік көліктерге эколокиялық Еуро-4 стандарты енгізіледі. Сондықтан елімізге Еуро-3 стандартына сәйкес келетін 2005 жылдан ерте шыққан көліктерге кіріп тіркелуге тиым салынбақ.

Еуро-4 стандартын енгізу мерзімі 2013 жылдың 6 ақпанында Қазақстан үкіметінің қаулысымен өзгертілген болатын деп хабарлайды Алматы бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі. Ал, ел аумағында құрастырылып жатқан көліктер үшін Еуро-4 стандарты 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Еуро-4 - пайдаланылған газ құрамындағы зиянды қалдықтарды реттейтін экологиялық стандарт. Ол Еуроодақта 2005 жылдан бастап енгізілген. Ал, 2009 жылы Еуро-4-тің орнын Еуро-5 стандарты басты.


Тегтер:

Кеден

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!