С.Мыңбаев: Ресейдің мұнай өнімдеріне шектеу қойылуы мүмкін

Фотография - С.Мыңбаев: Ресейдің мұнай өнімдеріне шектеу қойылуы мүмкін

Ресей Федерациясынан жеткізілетін мұнай өнімдеріне шектеу қойылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін үкімет сағаты барысында ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев айтты.

229 0

Ресей Федерациясынан жеткізілетін мұнай өнімдеріне шектеу қойылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін үкімет сағаты барысында ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев айтты.

«Ресейден мұнай өнімдеріне шектеу қойылуы мүмкін бе? деген сауалға мен «иә» деп жауап бере аламын. Мұндай жауап Ресей Федерациясымен осыдан 2-3 апта бұрын ратификацияланған келісім шарттың негізінде беріліп отыр. Айта кететінін шектеу тек 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін ғана қойылады да, одан кейін алынып тасталады. Ресей Федерациясы 2014 жылдың 1-ші қаңтарына дейін Ресейден Қазақстанға жеткізілетін барлық мұнай өнімдерінің түрлері бойынша өзара мұнай тасымалын жүргізуді талап етіп отыр. Сондықтан, біз осындай хаттамаға қол қойдық. Бұл ретте Қазақстан Реуспубликасының бюджеті шығындалатын болады. Ол Ресей мұнайының Павлодарға жеткізілуін баж салығынсыз есепке алғанда әлдеқайда төмен болып табылады. Дегенмен де, бұл - шығын. Аталған хаттамаға қол қойған кезде Ресей Федерациясы онда жазылған шарттарды көрді. Онда Қазақстан теміржол арқылы Ресейден Қазақстанға мұнай өнімдеріне  жеткізілуіне тыйым сала алатыны жазылған», - деді С.Мыңбаев.

Министрдің айтуынша, мұндай шектеу қойылмайтын болса, ағымдағы жылдың ішінде Қазақстан Ресейдің мұнай өнімдеріне толып кетпек.

«Мұнайды біз Ресей Федерациясына жеткіземіз де, Ресейден мұнай өнімдерін қайта тасымалдаймыз. Келесі жылдың 1-ші қаңтарына дейін еліміздегі мұнай өнімдері Қазақстан Республикасы үшін құны жағынан қымбат емес. Осы жылы біз Ресейдің мұнай өнімдерін тұтынатын барлық тұтынушыларымызды субсидиялайтын боламыз. Қазір ішкі нарықта мұнай өнімдері шектен тыс көп. Бұл біздің зауыттардың толық қуатпен мұнай өндіруін кемітеді. Өйткені біздің зауыттарға салық осы жылы бізге салмақ салғалы отырған Ресей Федерациясының зауыттарымен бірдей салынады. Формалды заңды құқығымыз бар және Ресей бұл келісімшартқа қол қойды, сондықтан 2014 жылы Ресейден мұнай өнімдерінің жеткізілуіне шектеу қойылуы мүмкін», - деп түйіндеді С.Мыңбаев

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

бензин

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!