Серік Ахметов Беларусь Республикасына ресми сапармен барады

Фотография - Серік Ахметов Беларусь Республикасына ресми сапармен барады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев хабарлады.

224 0

25-26 сәуірде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметовтің Беларусь Республикасына ресми сапары өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев хабарлады.

«Беларусь елінің жоғарғы басшылығымен өтетін келіссөздерде Қазақтан Премьер-министрі екіжақты сауда-экономикалық мәселелерін, көлік тасымалы, өндіріс, ауыл шаруашылығы, спорт, білім және ғылым саласындағы қазақстан-беларусь ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін талқылайды», - деді ОҚК ресми өкілі А.Әбибуллаев.

ОҚК ресми өкілі сондай-ақ, 25 сәуірде Премьер-министрдің Бірінші орынбасары-Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевтың Шығыс Қазақстан облысына сапар жасайтынын хабарлады. Сондай-ақ Вице-премьер – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің Қарағанды облысына сапары жоспарланып отыр. Онда өнеркәсіпті дамыту мәселелері талқыланады.


Тегтер:

премьер

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!