ҚР СІМ Бостонда ұсталған қазақстандық студенттер туралы мәлімдеме жасады

Фотография - ҚР СІМ Бостонда ұсталған қазақстандық студенттер туралы мәлімдеме жасады

ҚР Сыртқы істер министрлігі АҚШ Мемлекеттік департаменті және Астанадағы Елшілігімен осы мәселе бойынша байланыста.

206 0

Бостондағы лаңкестік актіні ұйымдастырған басты күдіктілер анықталғаннан кейін АҚШ құқық қорғау органдары оларға жақын және таныс болуы мүмкін адамдарды тексеруге кірісті.

Әсіресе, құқық қорғау органдары күдіктілермен бірге оқыған және қандай да бір жағдаймен олармен қатынаста болуы мүмкін студенттерден жауап алды.

«Жүргізіліп отырған тексеріс аясында қазақстандық екі студенттің оқу барысында АҚШ-тың визалық режимін бұзғандығы анықталып, осыған орай мән-жай толық анықталғанша олар ұсталып отыр. Қазіргі уақытта біздің консулымыз Бостон қаласына жетіп, АҚШ-тың билік органдарымен ынтымақтасуда және ұсталған студенттермен және олардың отбасыларымен байланыста. Қазақстандық дипломаттар оларға адвокат тауып беру мәселесінде қолғабыс көрсетуде»,-делінген ҚР СІМ мәліметтерінде.

ҚР Сыртқы істер министрлігі АҚШ Мемлекеттік департаменті және Астанадағы Елшілігімен осы мәселе бойынша байланыста.

«Бұл мәселе бойынша АҚШ мемлекеттік органдарымен ынтымақтастыққа ашық екенімізді қайта растап, Қазақстан лаңкестікті және оның кез келген түрлерін қатаң түрде айыптайтынын баса айтамыз»,-деп атап өтілген министрлік таратқан хабарламада.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!