Жылу энергиясының бағасы нарыққа сай өзгерген

Фотография - Жылу энергиясының бағасы нарыққа сай өзгерген

Бұл ретте жылуға тариф құрылымына отын үлесі 50-ден 70%-ға дейінгі көрсеткіштерді құрайды.

133 0

Республикамыздың өңірлерінде халықтың жылу энергиясына ақы төлеу мөлшері орта есеппен 1 м2 8,93-тен 21,38 теңгеге дейін өзгерді деп мәлімдеді Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Аманжол Әлиханұлы Орталық коммуникациялар қызметінде болған баспасөз брифингінде.

Оның айтуынша, төлемақының шамалы өсімі Маңғыстау облысында 1м2 2,16 теңгені (немесе 4,6%) және Ақтөбе облысында 1 м2 7,48 теңгені (немесе 12%) құраған. Ал Атырау облысында 1 м2 35,73 теңгеге (немесе 48%) және Алматы қаласында 1 м2 34,53 теңге (немесе 31,1%) шамасында елеулі өзгерген.

Жылумен жабдықтауға тарифтер өсуінің негізгі себебі, отын құны бағасының өсуі болып табылады: көмір 80%-ға дейін (СҚО, 2010 жылдан бастап көмір бағасы қайта қаралған жоқ), газ – 13%-ға дейін (БҚО), мазут – 25%-ға дейін (Алматы). Бұл ретте жылуға тариф құрылымына отын үлесі 50-ден 70%-ға дейінгі көрсеткіштерді құрайды.


Тегтер:

энергетика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!