Астананың дамуы әр уақытта мемлекеттің назарында болады

Фотография - Астананың дамуы әр уақытта мемлекеттің назарында болады

«Астананың дамуы әр уақытта мемлекеттің назарында, менің назарымда»,-деп атап өтті Елбасы.

149 0

Астананың дамуы әр уақытта мемлекеттің назарында болады. Бұл туралы бүгін Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан елорданы одан әрі дамытуға арналған жиналыста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Астананың дамуы әр уақытта мемлекеттің назарында, менің назарымда»,-деп атап өтті Елбасы.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, Астана ауысқаннан бері қарай жалпы өнім 90 есеге өскен. Өнеркәсіп -13, инвестиция - 32 есеге артып, бүкіл Қазақстанның дамуына жалпы ел экономикасына өз үлесін қосуда. 15 жылда қалада жалпы көлемі 11,5 шаршы метр үй салынды. Орташа жалақы 15 есеге, яғни 10 мың теңгеден 148 мың теңгеге дейін артты. Бюджетке түсім көлемі 1998 жылмен салыстырғанда 20 есеге көбейіп, өткен жылы 640 млрд. теңгені құрады. Әлеуметтік сала да айтарлықтай дамыды. Балабақшалар саны 3 есеге артса, мектептер 44-тен 82-ге дейін көбейді. Қазіргі уақытта тағы 25 білім ордасы салыну үстінде. Қаланың қарқынды дамуы денсаулық сақтау, білім, мәдени нысандарының көптеп салынуын, елордалықтардың өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа жеткендігін атап өткен Елбасы: «Қабылданған стратегияда ары қарай жұмыс істеуіміз керек»,-деді.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!