Үш жылда 100 млрд теңге жұмсалса да, Астананың жолдары сапасыз

Фотография - Үш жылда 100 млрд теңге жұмсалса да, Астананың жолдары сапасыз

Астана қаласын дамыту мәселелеріне арналған жиында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

241 0

Астана қаласында жол салуға және жөндеуге соңғы үш жылда 100 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған. Алайда жолдар сапасыз. Астана қаласын дамыту мәселелеріне арналған жиында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде хабарлады.

Мемлекет басшысы соңғы үш жылда елорда жолдарын жөндеуге деп 100 миллиард теңге жұмсалғанын, бірақ соған қарамастан жолдардың сапасыздығын айтты.

«Былтырғы жылы ғана жөнделген жолдардың өзі қазір қайта жөндеуді қажет етеді», - деді Мемлекет басшысы.

Бұған қоса Нұрсұлтан Әбішұлы бас қаладағы жол қозғалысы жүйесінің де ақсап жатқанына тоқталды.

Көпір және шеңбер жолдар жеткілікті түрде салынбаған. Осының салдарынан негізгі көлік жолдарында кептеліс болуда. Қозғалысты реттеудің автоматтандырылған жүйесі пайдаланылмайды, «жасыл дәліз» деген жоқ.

Жер асты жолдарының орнына әрбір 100 метр сайын бағдаршам орнатылған. Бұл қозғалысты одан сайын тежеуде.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!