Бүгін еліміздің басым аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Фотография - Бүгін еліміздің басым аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

деп хабарлайды ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі.

203 0

Бүгін республиканың басым бөлігі атмосфералық ағымдардың ықпалында болып, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі.

«ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, республиканың тек солтүстік және шығыс аумағында ғана күн райы ашық болады», – делінген хабарламада.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Атырау облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді. Ақмола, Маңғыстау, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетіп, күндіз найзағай ойнауы мүмкін. Қостанай облысында күндіз найзағай ойнап, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады, түнде және таңертең тұман түседі. Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел күші 15-20 м/с болады. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!