Қазақстанға Қытайдан сиыр еті деп, доңыз етін тасып жатыр

Фотография - Қазақстанға Қытайдан сиыр еті деп, доңыз етін тасып жатыр

Мәлім болғанындай, доңыз етін сиыр етіне ұқсас етіп дайындау үшін оны сиыр етінің қоспасы араластырылып жасалған арнайы ертіндіде екі сағаттай ұстаса жетеді екен

831 0

Қазақстанға Қытайдан сиыр еті деп шошқа етін тасымалдауда. Бұл туралы «Қазақстанның Халал индустриясы» қауымдастығының төрайымы Гүлжазира Нұралбаева хабарлады.

Мәлім болғанындай, доңыз етін сиыр етіне ұқсас етіп дайындау үшін оны сиыр етінің қоспасы араластырылып жасалған арнайы ертіндіде екі сағаттай ұстаса жетеді екен. «Бізде шындығында да Қазақстанға сондай еттерді тасымалдап жатқаны туралы ақпарат бар. Әлгі ертіндіге салынған соң ол сиыр етінен аумай қалады екен. Түрін де, тіпті иісін де ажырата алмайсың. Бұндай жағдайда тек генетика деңгейіндегі сараптама ғана көмектесе алады» , - деді Нұралбаева.

Оның айтуынша, бұндай еттерді Алматыға әкеліп жатқан көрінеді. Оны кафелер, кәуапханалар, мейрамханалар сатып алып жатыр, дейді маман.

«Сонымен бірге Қытайдың Қазақстанға жасанды жұмыртқа тасымалдап жатқаны да белгілі бізге. Оның құрамында ешқандай табиғи зат жоқ. Оны да кәдімгі жұмыртқадан еш ажырата алмайсың. Ондай тауарды шекарада тексеріп жатқан жоқ. Өйткені арнайы зертханасыз оның жасанды тауар екенін анықтау оңай емес», - дегенді қосты ол.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!