Қазақстан балалары залалды ақпараттан қорғалатын болады

Фотография - Қазақстан балалары залалды ақпараттан қорғалатын болады

Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысында «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заң жобасының таныстырылымы болып өтті.

198 0

Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысында «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заң жобасының таныстырылымы болып өтті.

Әзірлеушілердің айтуынша, аталған заң жобасы мемлекеттің «баланы қалыпты дамуына зардабын тигізетін ақпараттар мен материалдардан қорғаудың тиісті принцптерін» әзірлеуді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындауына ықпал ететін болады. Бұдан бөлек, құжат баланың өзінің «ақпараттар мен кез келген идеяны іздеу, алу, тарату бостандығын» шектеудің қажеттілігін орнықтыруды көздейді.

«Бұл негізінен республикамыздың заңнама ісінде тұңғыш рет қаралып отырған мәселе. Жобада елімізде балаларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таралатын залалды ақпараттан заң жүзінде қорғау мақсатын көздеп отырмыз.  ТМД елдері мен әлемдік қауымдастық бұл орайда бізден көш ілгері кеткен. Көптеген мемлекеттерде  БҰҰ-ның Балаларды қорғау туралы 1989 жылғы конвенциясына сәйкестендірілген заңнамалар бар. Атап айтқанда, Еуропада компьютерлік қылмыстар туралы, электрондық ақпарат құралдарында зорлық-зомбылықты көрсетпеу туралы заңдық күші бар декларациялар, ТМД елдерінде балалардың мемлекеттегі құқықтарының негізгі кепілдіктері туралы үлгі заңдары бар. Бұдан бөлек, біз АҚШ, Канада, Германия, Ұлыбритания, Норвегия, Жапония, Нидерланды, Франция секілді тағы да басқа елдердің осы тектес заңдарын сараладық», - дейді заң жобасының бастамашыларының бірі депутат Алдан Смайыл.

Оның айтуынша, шетелдік озық заңнамаларда балаларды адамгершілік сезімнен суытатын, психикасына, денсаулығына зардабын тигізетін, қатыгездікті насихаттайтын, бір сөзбен айтқанда, жеткіншекті рухани аздыратын ақпараттардан қорғауға бағытталған құқықтық шаралар мейлінше ескерілген.

Бұл ретте ұсынылып отырған заң жобасында «Бала құқы туралы» Қазақстанның заңында айқындалған балаларды денсаулығына, адамгершілік және рухани дамуына зардабын тигізетін ақпарттардан, оларды насихаттау мен үгіттеуден қорғайтын кепілдіктерді ұлттық заңнамада жүзеге асыру мүмкіндіктері қаралады.


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!