Көлік және коммуникация министрі Маңғыстау облысында болды

Фотография - Көлік және коммуникация министрі Маңғыстау облысында болды

Жұмыс сапары барысында Асқар Жұмағалиев облыс активімен кездесті. Кездесу барысында министр зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселесіне қатысты сауалдар мен тұрғындар сауалдарына жауап берді

121 0

Жұмыс сапары барысында Асқар Жұмағалиев облыс активімен кездесті. Кездесу барысында министр зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселесіне қатысты сауалдар мен тұрғындар сауалдарына жауап берді деп хабарлайды Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі

Оның ішінде Жұмағалиев бірыңғай зейнетақы қорын құру қажеттілігі, зейнетақыға шығу жасын біріздендіру, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне жеке шаруасымен шұғылданатын тұрғындардың міндетті түрде тартылуына байланысты талаптар жайында түсініктеме берді. Сондай-ақ, зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеп жүрген азаматтар баса көңіл бөлінді. Олардың жеке зейнетақы шотына 15% зейнетақы жарнасы аударылатын болады, оның 10% жұмысшының жалақысынан аударылса, 5% жұмыс беруші аударатын болады.

Сонымен қоса Асқар Жұмағалиев, Еңбек кодексіне жұмыс берушілердің зейнетақы жасына таянған әйелдермен еңбек келісімдерін тоқтатқаны және жұмысқа орналастыруда кемсітушілік жасағаны үшін жауапкершілігін күшейту жөніндегі енгізілетін өзгерістер жайында баяндап берді.

Мұның сыртында министр Ақтау теңіз портында және жүргізуші куәліктерін беру мен автокөліктерді тіркеу жөніндегі биылғы жылдың аяғына дейін ашылатын мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!