КО Украинаға бақылаушы мәртебесін ұсынуға келісті

Фотография - КО Украинаға бақылаушы мәртебесін ұсынуға келісті

Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің Кедендік Одағы Украинаға бақылаушы мәртебесін беруге келісті

275 0

Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің Кедендік Одағы Украинаға бақылаушы мәртебесін беруге келісті, деп хабарлайды РИА Новости, Украина премьер-министрі Николай Азаровқа сілтеме жасап. Тиісті құжаттарға 2013 жылдың мамыр айының соңында қол қойылмақ.

Азаров Қазақстан, Беларусь және Ресей өкілдерімен кездесу өтіп, қазір техникалық мәселелерді пысықтау жүріп жатқанын айтады. «Қазір әзірлік жүріп жатыр, біз үкіметте жұмыс тобын құрдық. Ол топ президенттер қол қоюға тиісті құжаттарды әзірлеумен айналысады. Біз келісімге келдік, енді қазір құрылымдау бойынша техникалық келіссөздер аяқталуға жақын. Біз Кедендік одаққа бақылаушы боламыз және Еуразиялық экономикалық комиссия жанында өкілдігіміз ашылады. Өкілдік жетекшісі Еуразиялық одақ алқа отырысына қатысу мүмкіндігіне иелік етеді. Сонымен қатар, ол құжаттар әзірлеуге қатысып, дауыс беру құқығына ие болады», - деді Украина премьері.


Тегтер:

Кеден

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!