Роберт Блэйк пен Марат Тәжин кездесті

Фотография - Роберт Блэйк пен Марат Тәжин кездесті

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин бүгін Ақордада АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блэйкті қабылдады.

153 0

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин бүгін Ақордада АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блэйкті қабылдады.

Кездесуде Блэйк соңғы жылдары АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастары бірқатар салада айтарлықтай дамып, жоғары сапаға көтерілгенін айтты.

Тәжин мен Блэйк кездесуде екіжақты ынтымақтастықты одан ары нығайтуды көздейтін маңызды мәселелерді талқылап, Орталық Азия елдерінің дамуын қолдаудың маңыздылығына назар аударған.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Роберт Блэйк бұған қоса Назарбаев университетінде студенттермен кездесіп, дәріс оқыды.

Роберт Блэйк 24 сәуірде Ташкентке барып, өзбек билігі өкілдерімен кездеспек. Ол 25 сәуірде Алматыға қайтып келіп, АҚШ делегациясының құрамында осында өтетін "Азияның жүрегі" конференциясына қатыспақ.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!