Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын бекітті

Фотография - Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын бекітті

деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі

296 0

Нұрсұлтан Назарбаев өз Жардығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ( ҚХА) 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі

Жарлық мәтінінде атап көрсетілгендей, тұжырымдама мынадай қағидаттардан құрылған.

1) адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;

2) халық пен мемлекет мүдделерінің басымдығы;

3) Қазақстанның ұлттық бірлігі, егемендігі мен тұтастығы;

4) нәсіліне, ұлтына,тіліне, дініне, наным-сеніміне немесе басқа да жағдайларға қарамастан адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі;

5) Ассамблея мүшелерінің оның құрамындағы тең құқылығы және өз қызметі үшін жеке жауапкершілігі;

6) транспаренттік.

Тұжырымдаманың мақсаты – Ассамблея институтын бұдан әрі дамыту және оның елдің тәуелсіздігі мен мемлекеттігін нығайтудағы рөлін арттыру, патриотизм, қазақ халқы мен мемлекеттік тілдің топтастырушы рөлін арқау ете отырып жалпы құндылықтар негізінде қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз ету.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!