Атыраудың бұрынғы әкімін Интерпол іздестіруде

Фотография - Атыраудың бұрынғы әкімін Интерпол іздестіруде

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевті Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы (Интерпол) іздестіруде

166 0

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевті Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы (Интерпол) іздестіруде.

Бұл туралы бүгін Қаржы полициясында өткен баспасөз мәслихатында ведомствоның ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлімдеді.

«Бүгінде Бергей Рысқалиев пен оның 10 сыбайласы іздестірілуде. Агенттік олардың жасырынған жерін анықтау бойынша барлық жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Интерпол халықаралық ұйым болғандықтан, ол да бұл шараға қатысатын болады», - деп атап өтті М. Жұманбай.

Еске салса кетейік, 2013 жылғы 23 қаңтарда Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевке бюджет қаражатын ұрлау, қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану бойынша айып тағылып, сол күні ол іздеуге жарияланды. Ағымдағы жылғы 24 қаңтарда Атырау қаласының №2 сотының үкімімен оған қатысты сырттай қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы тағайындалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!