Мәжіліс ауыл әкімдерін сайлау туралы заң жобасын бекітті

Фотография - Мәжіліс ауыл әкімдерін сайлау туралы заң жобасын бекітті

Мәжіліс бүгін алғашқы оқылымында "Қазақстан республикасының  жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады. Жоба мәслихат депутаттарының аудандық маңызы бар қалалар мен ауыл, селолық округ әкімдерін сайлау нормаларын қарастырады

557 0

Мәжіліс бүгін алғашқы оқылымында "Қазақстан республикасының  жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады. Жоба мәслихат депутаттарының аудандық маңызы бар қалалар мен ауыл, селолық округ әкімдерін сайлау нормаларын қарастырады.

Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевтың айтуы бойынша, түзетулер енгізу азаматтардың конституцияда қарастырылған жергілікті өзін-өзі басқару ісіне қатысу құқын іске асыруына жағдай жасайды.

Заң жобасы жергілікті жерлердегі әкімдердің өз аймағындағы мәселелерді шешуінде қаржылай және экономикалық әл-айқатын кеңейту жағын да қарастырады. Жобада мұның сыртында әкімдерге өзінің табыс көзін жасау құқын беру, аудандық коммуналдық меншіктің бір бөлігін тиімді пайдалану мақсатында ауыл әкімдері қарауына тапсыру да көзделген.

Сағынтаев жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы екі кезеңге бөлінгенін айтады. Алғашқысы - 2013-2015 жылдар, екінші кезең - 2015-2020 жылдар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!