Ассамблея дегеніміз - бұл 17 млн. қазақстандық

Фотография - Ассамблея дегеніміз - бұл 17 млн. қазақстандық

Бүгін Астанада  Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан - 2050» cтратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» тақырыбымен өтіп жатқан  Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті

176 0

Бүгін Астанада  Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан - 2050» cтратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» тақырыбымен өтіп жатқан  Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Сөз арасында бүгінгі әлем шапшаң өзгеріп отырғанына тоқталған Елбасы, осындай жаңа жағдайда жаңа стратегияны жүзеге асыра отырып, қоғамның көптүрлілігін елдің жетістікке жетуіне қарай пайдалану қажеттігін атап өтті. «Жаңа жағдайда Ассамблея шын мәнінде жалпы азаматтық, саясатүстілік, жалпыхалықтық институт болуы шарт. Мен Ассамблеяның ХХІ ғасырдағы миссиясы тарылмайды, кеңейе түседі деп айтқым келеді», дей келе Мемлекет басшысы бұны кейбіреулер соншалықты түсіне алмай жүргеніне де тоқталды. Бұл ретте Президент «Ассамблеяны этникалық азшылық өкілдерінен тұрады» деп санайтындар қателесетінін түсіндірді. «Ассамбляны БҰҰ, ЕҚЫҰ, Азиядағы өзара іс қимыл шаралары жөніндегі кеңес, Бүкілхалықтық өкілдер ассамблеясы мойындады. Сондықтан да, Мен Ассамблеяға төрағалық етіп келемін, сондықтан да, мен Ассамблея бұл еліміздің он жеті миллион тұрғыны деп атадым», - деді Н. Назарбаев. . 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!