Н.Назарбаев Ассамблея жанынан жаңа кеңес құруды тапсырды

Фотография - Н.Назарбаев Ассамблея жанынан жаңа кеңес құруды тапсырды

Ассамблея жанынан Достық үйлері директорларының Республикалық әдістемелік кеңесін құруды тапсырамын

119 0

Қазақстан-2050 стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты күн тәртібімен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблея жанында Республикалық әдістемелік кеңес құруды тапсырды.

«Ассамблея жанынан Достық үйлері директорларының Республикалық әдістемелік кеңесін құруды тапсырамын. Олар ең тиімді және ең үздік әдістерді тауып, өзгелерге үлгі етуі керек. Мәдениет және ақпарат министрлігіне Ассамблея хатшылығымен бірлесе отырып, Достық үйлері жұмысының тұжырымдамасын әзірлеуді міндеттеймін. Оларға бейбітшілік пен келісімнің аймақтық орталықтары ретінде құқықтық мәртебе беру керек», - деді Елбасы.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!