Жолаушылар пойызы жазғы маусым кестесіне ауысады

Фотография - Жолаушылар пойызы жазғы маусым кестесіне ауысады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2013 жылдың 26 мамырынан бастап жолаушылар пойыздарының жазғы қозғалыс кестесіне ауысаты

241 0

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2013 жылдың 26 мамырынан бастап жолаушылар пойыздарының жазғы қозғалыс кестесіне ауысаты,  деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.

«Жаңа кестені жасау кезінде жолаушылардың барлық талап-тілектері ескерілді. Кестеге еңбек демалысы мен шәкірттер демалысы кезінде сапарлайтын жолаушылардың сұраныстарына орай маусымдық маршруттар енгізілген», деп көрсетілген хабарламада.

Кестеге №483/484 Астана - Адлер бағыты секілді жаңа маршруттар мен қосымша вагондар қосылып, №151/152 «Алматы-Петропавл» бағытындағы жаңа жүрдек пойызы қосылған. Сонымен қатар, кестеге күнара жүретін «Алматы-Атырау» қатынасындағы «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған жаңа жүрдек маршруты енді.

Жолаушылар пойыздарының қозғалысы кестесіндегі барлық өзгерістер, қосымша вагондарды, құрамдар мен жаңа маршруттарды қосу, станциялар бойынша пойыздардың келуі мен кетуі жайлы ақпараттарды www.temirzholy.kz сайтынан немесе темір жол вокзалдарының кассалары мен анықтама қызметтерінен алуға болады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!