Н.Назарбаев Ауғанстан халқын қару емес, еңбек құралдарына үйрету қажеттігін айтты

Фотография - Н.Назарбаев Ауғанстан халқын қару емес, еңбек құралдарына үйрету қажеттігін айтты

Қазір Ауғанстан халқын еңбекке қарай бұру керек. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Еуразия медиа форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті

172 0

Қазір Ауғанстан халқын еңбекке қарай бұру керек.

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Еуразия медиа форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Ауғанстандағы халықаралық коалицияның миссиясы өзінің мақсатына толық жеткен жоқ деген пікірлердің авторларымен келіспеймін. Қауіпсіздікке төнген қатер айтарлықтай төмендеп, ауыздықталды. Иә, ауғандық ішкі реттеуде проблемалар бар, алайда бұл тұрғыда оңтайлы өзгерістер қалыптасты»,-деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Елбасы әлемдік қоғамдастықты әрқашан Ауғанстан экономикасын дамытуға негізделген шараларды қабылдауға үндеп келе жатқанын ескеріп өтті.

Ұзақ уақыттан бері Ауғанстан елі соғыс тауқыметін тартып келе жатқанына тоқталған Елбасы, бұл елде 30 жыл бұрын тұрған адам қолында қарудан басқа ештеңе ұстамағанын яғни, еңбек құралдарына машықтанбағанын айтты.

«Халықтың төмен деңгейдегі білімділігін ескере отырып, ең алдымен, қазір Ауғанстан халқын еңбекке қарай бұру керек. Бұл мемлекеттің экономикасын қалпына келтіруге көмектесу шарт. Біз дәл осы мәселеге назар аударымыз. Өкінішке қарай, бұл тұрғыда жетістіктер елеулі емес»,-деп қадап айтты Н. Назарбаев.

Сөз соңында Президент аталған проблеманы тиімді шешу үшін Қазақстан халықаралық жаңа алаңды ұйымдастыру бойынша өзінің қызметін ұсынуға дайын екенін жеткізді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!