Қ.Лама Шариф зиялы қауымды радикалды діни ағымдарға қарсы белсенді үгіт-насихат жүргізуге шақырды

Фотография - Қ.Лама Шариф зиялы қауымды радикалды діни ағымдарға қарсы белсенді үгіт-насихат жүргізуге шақырды

Қазақстанның Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф зиял қауым өкілдерін рухани мұра мен ұлттық мәдениетті радикалды діни ағымдардан сақтау мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын белсенді атқаруға шақырды.

195 0

Қазақстанның Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф зиял қауым өкілдерін рухани мұра мен ұлттық мәдениетті радикалды діни ағымдардан сақтау мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын белсенді атқаруға шақырды.

«Бүгінгі қалыптасып отырған жағдай қоғам санасында жалған діни идеологиялық күштерге қарсы мықты иммунитет пен дүниетанымдық көзқарас қалыптастыратын нұсқаулар жасақтауды талап етеді», - деді Қ.Лама Шариф бүгін Астанада «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» атты халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде.

«Біз қалың жұртшылық, діни бірлестіктердің өкілдері, этникалық қоғамдастықтар, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері рухани мұра мен ұлттық мәдениетті, рухани негізімізді радикалды діни ағымдардан сақтау үшін ақпараттық, ғылыми үгіт-насихат жұмыстарын белсенді атқаруы қажет деп санаймыз. Қоғамның рухани байлығын арттырудағы ең басты міндет адамгершілікке бастайтын, адалдық пен әділдікке үндейтін, мемлекетті және салт-дәстүрлерді сүюге тәрбиелейтін ислам құндылықтарын түсіндіру болып табылады», - деп атап өтті агенттік басшысы.

Оның айтуынша, дін сонау ғасырлардан бері рухани құндылықтар мен халықтың дәстүрін сақтаудың ең күшті құралы болып келді.

«Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» атты халықаралық конференция Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтуде. Оған Қазақстан, Ресей, Башқұртстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінің түрлі дін өкілдері мен мүфтилері қатысуда.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!