Еуразиялық экономикалық одақ кеңейетін болады

Фотография - Еуразиялық экономикалық одақ кеңейетін болады

Еуразиялық экономикалық одақ кеңейетін болады. Бұл туралы ХІ Еуразиялық медиафорум барысында ҚР Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

317 0

Еуразиялық экономикалық одақ кеңейетін болады. Бұл туралы ХІ Еуразиялық медиафорум барысында ҚР Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Бұл жабық ұйым емес. Оған өзге мемлекеттер мүше бола алады. Бүгінгі күннің өзінде Еуразиялық экономикалық одаққа кіруге немесе Кеден одағымен ынтымақтастық туралы келісімшартқа отыруға ниет білдіріп отырған мемлекеттер бар. Сондықтан, болашақта бұл ұйым кеңейетін болады. Ықпалдасу бір реттік қатып қалған үдеріс емес», - деді Н.Назарбаев.

«2007 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін дағдарыс жалғасып келеді. Дағдарыстың екінші әлемдік толқынынан кейін дамыған әлемдік экономиканың оң тұстарын да, сонымен бірге шексіз бостандықтың, әсіресе, әлемдің қаржылық ресурстарды қадағалаудағы бостандықтың кемшіліктеріне куә болдық. Біз қолданып отырған халықаралық валютаның кемшіліктерін де көрдік. Экономика мен қаржы ағымдарын бірқалыпты басқару қазіргі уақыттағы қажеттілік болып табылады. Әрине, біз мұны ескере отырып, біздің тиімді жағдайда екендігімізді айтқым келеді», - деп атап өтті Елбасы.

Президенттің айтуынша, осыған байланысты Қазақстан Еуропаның тәжірибесі мен қателіктерін мұқият зерттеп жатыр. Сондықтан оларды анықтап, баға беру, оның негізінде мәселелерді шешу жолдарын ұсыну БАҚ-тың міндеті болып табылады.

«Журналистерді осы тұрғыдан еуразиялық ықпалдасу үдерісі туралы ақпарат таратуға шақырамын», - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!