Қазақстанға Қытай арқылы Тынық мұхитына жол ашылды

Фотография - Қазақстанға Қытай арқылы Тынық мұхитына жол ашылды

Бұл туралы бүгін ХІ Еуразиялық медиафорум барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев хабарлады.

160 0

Қазақстан мен Қытай Тынық мұхитына шығу мүмкіндігіне қатысты келісімге келді. Бұл туралы бүгін ХІ Еуразиялық медиафорум барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев хабарлады.

«Жақында мен Қытайға ресми сапармен барып, біз елімізге Тынық мұхитындағы айлаққа шығу жолы берілуіне қатысты келісімге келдік. Қазақстан мен ҚХР екі әлеуетті теміржол магистралімен, 7 автомобиль жолымен байланысқан. Егер де Тынық мұхитынан келетін жүк бұл бағытпен Еуропаға өтетін болса, тасымал жолының ұзақтығы 3,5 есеге қысқармақ», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы ұсынылған бағыттың оңтүстік теңіздер арқылы өтетін жолға қарағанда тиімділігі зор екенін тілге тиек етті.

«Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері бүгініг күні әлемнен тыс жабық күйінде қалмай, барлық мемлекеттермен белсенді түрде ынтымақтастық жүргізіп жатыр», - деп түйіндеді ол.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!