Журналистер дінді саяси ойыншыққа айналдыруды доғаруы керек

Фотография - Журналистер дінді саяси ойыншыққа айналдыруды доғаруы керек

Бұндай пікірді Астанада өтіп жатқан халықаралық конференцияда Астана қаласындағы Қасиетті Мария Рим -католик архиепархиясының викарлық кеңесшісі Джигарь Евгений айтты.

145 0

Журналистер дінді саяси ойыншыққа айналдыруды доғару тиіс. Бұндай пікірді Астанада өтіп жатқан халықаралық конференцияда Астана қаласындағы Қасиетті Мария Рим -католик архиепархиясының викарлық кеңесшісі Джигарь Евгений айтты.

Оның пікірінше, елдегі діндердің төңірегінде ахуалдың ушығып,қоғамда түрлі дүрдіараздықтың туындауы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің жүйесіз жұмысының нәтижиесі екен. «Қазір қайбір газет-журналдар мен теледидардың бетін ашып қарасаңыз, қоғамда орын алып жатқан келеңсіз жайттардың барлығына дінді теліп қойған. Мәселенің мән-жайын терең зерделемейтін тілшілердің бұл істеріне тоқтау салу керек. Меніңше, елімізде бақ өкілдері мен діни ұйымдар дың жұмысын күшейтіп, тығыз байланыс орнатуға тиіспіз»,-деді Джигарь Евгений.

Мұнымен қоса, ол мемлекет пен діни ұйымдардың арасындағы сұхбатты жетілдіруді қолға алу керектігін, жалпы, діннің өте нәзік мәселе екенін алға тартып, ел азаматтарын тура жолға салуға жұмыла отырып жұмыс жасауға шақырды.


Тегтер:

журналистика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!