Ақтөбелік полицейлер күшейтілген қызмет тәртібіне көшірілді

Фотография - Ақтөбелік полицейлер күшейтілген қызмет тәртібіне көшірілді

деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.

192 0

Ақтөбе полициясының жеке құрамы күшейтілген қызмет тәртібіне көшірілді, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.

«Мамыр мерекелері қарсаңында қоғамдық орындар мен көшелерде тәртіп сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облысында 25-27 сәуір аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы өтеді. Сонымен қатар «Пәтер жалдаушы» және «Қауіпсіз жол» шарасы да ұйымдастырылады»,-деді Е.Сарқұлов.

Жедел-алдын алу шарасына ішкі әскердің жеке құрамы мен заң институтының тыңдаушылар да тартылған. Сонымен қатар «Сақшы» қоғамдық құрылымы, қоғамдық кеңес пен студенттік жасақ мүшелері де жұмылдырылуда.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!