Бүгін қабылдайтын шешімдеріміз ауғандарға ұзақ күткен бейбіт өмірге қайта оралуға ықпал етеді деп сенемін

Фотография - Бүгін қабылдайтын шешімдеріміз ауғандарға ұзақ күткен бейбіт өмірге қайта оралуға ықпал етеді деп сенемін

Ауған мәселесіндегі ең бірінші түйіткіл оған экономикалық  көмек көрсету

141 0

Ауған мәселесіндегі ең бірінші түйіткіл оған экономикалық  көмек көрсету.

Бұл туралы бүгін Алматыда басталған Ауғанстан бойынша Ыстамбұл үдерісіне қатысушы-елдер Сыртқы істер министрлерінің ІІІ конференциясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Ауған мәселесі халықаралық деңгейде күн тәртібінде тұрғаны баршамызға белгілі. Ауған халқының кейінгі бірнеше онжылдықтың ішіндегі шеккен зардабы, ішінде болып жатқан азаматтық соғыс барлығымызды қынжылтады.  Ел жаңадан бейбіт өмірге келіп, экономикасын көтеріп, жағдайын жақсартатын болса бәрімізге үлкен мерей болатын еді. Сондықтан  бүгінгі біздің қабылдайтын шешімдеріміз  ауғандарға ұзақ күткен бейбіт өмірге қайта оралуына ықпал етеді деп сенемін», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы бұл үшін Ауғанстан экономикасын жандандыру, халыққа жұмыс тауып беру ең бірінші мәселе екенін атап өтті. Сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен экономикалық даму жолдарын әлемдік қауымдастық мүшелері бірге тауып беруі керек деп санайтындығын жеткізді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!