Б. Сағынтаев жұмыс сапарының соңында жергілікті халықпен кездесті

Фотография - Б. Сағынтаев жұмыс сапарының соңында жергілікті халықпен кездесті

Үкімет басшысының бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевтың Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кеше кешқұрым аяқталды

209 0

Үкімет басшысының бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевтың Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кеше кешқұрым аяқталды.

Өңірлік даму министрі жұмыс сапарының соңында Курчатов қаласына болып, тұрғындармен жүздесті. Кездесу барысында зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселелері талқыланды.

Сол күні бірінші вице-премьер «Тәжірибелі алаң», сонымен қатар «Байкал-1» зерттеу реакторлары кешенінің ядролық отынды ұзаққа сақтау алаңдарын әуеден тікұшақпен бақылап шықты.

Семей қаласында Бақытжан Сағынтаев «Агрофирма Приречное» ЖШС мал өсіру кешенінің құрылысы барысымен танысты, онда сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімін сақтау және өңдеу кешенін қарап шықты. Мұнда бірінші вице-премьер агроқұрастыру басшыларымен кездесу өткізіп, өңірдің тұрақтану қоры жұмысы туралы есепті тыңдады.

Одан басқа, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары «СемАЗ» ЖШС автобустар, тракторлар, автокөліктерді жинақтау жұмысы барысымен танысты, сонымен қатар, пластик терезелер, ағаштан жасалатын бұйымдар және мақта-матадан жұмыскерлердің биялайларын өндірумен айналысатын «Технология комфорта» ЖШС-ін  қарап шықты. Зауыт өнімдері еліміздің барлық өңірлеріне, сонымен қатар Ресейдің Сібір өңірлеріне жеткізіледі

Бірінші вице-премьердің жұмыс сапарының басым бөлігі Курчатов қаласында өткен «Моноқалалар және даму жолдары» халықаралық форумында өтті. Жиынға ҚР моноқалаларының әкімдері, Германия, Ресей, Қытай елдерінің өкілдері қатысты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!