Қазақстанның Iшкi әскерлерi заманауи ұшақ сатып алды

Фотография - Қазақстанның Iшкi әскерлерi заманауи ұшақ сатып алды

Бүгiн Астанада Әуе қорғанысы күштерiнiң әскери аэродромында ҚР IIМ Iшкi әскерлерi қажеттiлiгiне сатып алынған Ан-74ТК-200 жаңа заманауи ұшағы таныстырылды

208 0

Бүгiн Астанада Әуе қорғанысы күштерiнiң әскери аэродромында ҚР IIМ Iшкi әскерлерi қажеттiлiгiне сатып алынған Ан-74ТК-200 жаңа заманауи ұшағы таныстырылды.

ҚР IIМ Iшкi әскерлерiнiң бас қолбасшысы Руслан Жақсылықовтың айтуынша, аталмыш ұшақ ҚР IIМ Iшкi әскерлерiнiң жауынгерлiк мүмкiндiктерiн бiрнеше есеге арттырады. Ауыр техника мен әскердi белгiленген жерге дейiн жөнелту бұдан былай қиынға соқпайды. Бүгiнгi таңда ұшақ өз санатында ең үздiк әрi сенiмдi болып табылады. Ол ауа райының барлық жағдайында ұша бередi және күй таңдамайды. Қолданысқа да қарапайым.

"Көлiк биыл бiздiң арнайы тапсырысымызбен құрастырылды. Келешекте осы санаттағы ұшақтардың бiрнеше данасын сатып алуды көздеп отырмыз", - дейдi генерал Р.Жақсылықов.

Айта кеткен жөн, ұшақ Украинадан әкелiндi. Отандық экипаж ұшақты пайдалануға алмай тұрып, Украинада арнайы курстан өткен. Бүгiнгi ұшақтың таныстырылымынан кейiн, ҚР IIМ Iшкi әскерлерiнiң бас қолбасшысы Р.Жақсылықов полковник Бауыржан Бөтенбаев бастаған қазақстандық ұшқыштарға сертификаттар табыс еттi.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!