Қазақстан Президенті биыл Оңтүстік Африка Республикасына сапарлауды жоспарлайды

Фотография - Қазақстан Президенті биыл Оңтүстік Африка Республикасына сапарлауды жоспарлайды

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Еуразия медиа форумы барысында сөз сөйлеген Қазақстандағы ОАР Төтенше және Өкілетті Елшісі Шириш Манаклал Сони мәлім етті.

184 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биыл Оңтүстік Африка Республикасына сапарлауды жоспарлайды.

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Еуразия медиа форумы барысында сөз сөйлеген Қазақстандағы ОАР Төтенше және Өкілетті Елшісі Шириш Манаклал Сони мәлім етті.

«Біздің мемлекет басшыларымыздың қабылдаған шешіміне сәйкес, ағымдағы жылы Президент Н. Назарбаев Оңтүстік Африкаға сапармен барады. Былтыр да дәл осы мәселе қарастырылған болатын. Қазақстан мен ОАР шекараларын айқара ашатындығы айтылып еді. Мен Қазақстанға келгеннен бері, 14 ай бойы қайталап келемін: Президент Н. Назарбаев  Махатма Ганди мен Нельсон Манделланың ізімен жүреді», - деді ол.

Сөз арасында Елші Қазақстан Үкіметіне өзінің ұсыныстарын да айтып қалды. «Оңтүстік Африка ескі оңтүстікафрикалық одақтың бір бөлшегі еді. Қазақстан Үкіметіне ұсынысым - біздің премьер-министрмен, қаржы министрімен осы мәселе жөнінде кеңессе екен. Біз кірістерді бөлу, мотивация схемаларын басқару мәселесіне аса практикалық тұрғыда қарадық. Сондықтан да, біздің тәжірибемізден «түртіп» аларыңыз болады деп ойлаймын. Бұл біздің қарым-қатынасымызды нығайта түседі деп сенемін», - деді Елші.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!