Еуропа қазақтарының құрылтайы биыл Парижде өтеді

Фотография - Еуропа қазақтарының құрылтайы биыл Парижде өтеді

Еуропа қазақтарының құрылтайы мен Футбул турнирі биыл Францияның астанасы Париж қаласында өтеді. Бұл туралы Франция Қазақ мәдениет қоғамы мәлім етті

140 0

Еуропа қазақтарының құрылтайы мен Футбул турнирі биыл Францияның астанасы Париж қаласында өтеді. Бұл туралы Франция Қазақ мәдениет қоғамы мәлім етті.

 

Шараны ұйымдастырып отырған Франциядағы «AKFT» қазақ мәдени қоғамының мәлімдеуінше, құрылтайдың дайындық жұмыстары толассыз жүріліп жатыр. Алдын-ала белгіленген алқалы жиынның бағдарламасы да редакциямызға келіп түсті. Бағдарламада «18 мамыр күні Еуропа қазақтарының футбул турнирі өтеді» делінген. Турнир барысында жасөспірімдер арасында аяқ доптан сайыс өтіп, қыздар волейболдан жарысқа түсетін болады. Еуропа Қазақ қоғамдары федерерациясының (FEKA) жалпы отырысы да осы күнге жоспарланған. Ал, құрылтайдың салтанатты ашылу рәсімі 19 сәуір күні басталады деп күтілуде.

Айта кетейік, аталмыш құрылтай Еуропа Қазақ қоғамдары федерерациясының (FEKA) құрамына енетін 10 елдегі қазақ мәдени орталықтарының ұйымдастыруымен жыл сайын бір елде өтіп отырады. қандастарымыз өздері тұратын Еуропа елдерінде әлеуметтік, мәдени құндылықтардың сақталуын және қоғамдық қарым-қатынастың нығаюын қамтамасыз ету үшін 90 жылдардың соңында құра бастаған болатын. 1980 жылы тұңғыш рет Германияда осы ұйымдардың басын қосқан бір шаңырақ құру қамы жасала бастады. 2008 жылдың 10 мамыры күні Еуропа қазақтарының басын қосып келген үйлестіру кеңесі Еуропа қазақ қоғамдары федерациясы болып құрылып, оның төрағалығына Абдулқаюм Кесижи тағайындалған-ды. Осы жылдың 19 шілдесі күні Германияның Мюнхен қаласында тұңғыш жиналыс ұйымдастырылды. Онда Еуропа елдерінің қоғамдық ұйымдарға қатысты заңдарына сәйкес федерацияның алғашқы жарғысы қаралған. Федерация жарғысы 2008 жылы 17-19 қазанда Швецияның Вестерос қаласында өткен Еуропа қазақтарының екінші кіші құрылтайында ресми қабылданды.

Содан бері федерация тарапынан жыл сайын Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтіп отырады. Қазірге дейін Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы Германия, Франция, Швеция, Австрия, Британия, Норвегия, Дания, Голландия және Швейцария сияқты елдерде 23 мәрте өткізілді. 24-рет өтетін алқалы жиынды Франция Қазақ мәдени орталығы өз міндетіне алып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!