Мемлекет басшысы Уильям Бёрнспен кездесу өткізді

Фотография - Мемлекет басшысы Уильям Бёрнспен кездесу өткізді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Уильям Бёрнспен кездесу өткізді

126 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Уильям Бёрнспен кездесу өткізді. Бұл жайында Ақорданың ресми сайтында хабарланған.

 

Әңгімелесу барысында Америка Құрама Штаттарымен арадағы көп жоспарлы стратегиялық серіктестік аясын кеңейтудің және оны арттырудың негізгі қырлары қарастырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев Бостон қаласында болған террорлық актіге байланысты тағы да көңіл айтты.

Өз кезегінде У.Бёрнс Мемлекет басшысына АҚШ Президенті Барак Обаманың сәлемін жеткізді.

Тараптар екі ел арасындағы экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылауға көңіл бөлді.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев біздің еліміздің Ауғанстанды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қалпына келтіру ісіне ықыласты екенін айтып, Қазақстанның жүзеге асырып жатқан жобалары туралы әңгімелеп берді. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!