Қазақстандағы ірі қалалардың атауларын өзгерту ұсынылды

Фотография - Қазақстандағы ірі қалалардың атауларын өзгерту ұсынылды

Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев Семей, Өскемен, Павлодар қалаларының атауларын өзгертуді ұсынды. 

229 0

Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев Семей, Өскемен, Павлодар қалаларының атауларын өзгертуді ұсынды. 

«31 арнаға» берген сұхбатында ол қазақ тарихында «Семей» және «Өскемен» атауларының болмағанын айтты. Сондай-ақ, кезінде Павлодарды атағысы келген «Кереку» атауының да болмағанын алға тартты. Матаевтың айтуына қарағанда, бұл атау орыстың көпесі Коряков атынан шыққан екен.

Осыған сәйкес үш қаланың атауларын өзгертіп, Семейді – Абай, Өскеменді – Қонаев, Павлодарды – Сатпаев атауларына өзгертуді ұсынды.


Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының ортасында Сейтқазы Матаев Алматы қаласын – қайта Алма-Ата деп өзгертуді сұраған болатын.


Тегтер:

тіл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!