Жаңа партияның құрылғандығы жарияланды

Фотография - Жаңа партияның құрылғандығы жарияланды

Партияны тіркеу алдағы уақытта жүзеге асады.

148 0

Жұма күні Астанада «Әділет» және «Руханият» партияларының кезектен тыс съездерінде «Бірлік» партиясы құрылғандығы жариялады.

Партияны тіркеу алдағы уақытта жүзеге асады.

«Бірлік» партиясының басшысы болып Серік Сұлтанғали сайланған. Ол "екі партияның «Бірлік» атауымен жаңа партияға бірігуі туралы шешім бірауыздан қабылданғанын»  айтқан.

Жаңа партия мүшелерінің саны 140 мың екені хабарланды. Құрылған партия басшысы өздерінің мәжіліс сайлауына қатысатындығын білдірген.

Серік Сұлтанғали ақпан айында «Руханият» партиясының кезектен тыс съезінде партия төрағасы болып сайланған еді.  Ол - 2012 жылдың қыркүйегінен бері «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры.

Наурыз айында ЖСДП да кезектен тыс съезд өткізіп, өздерінің "Азат"  ЖСДП-дан бөлінетіндігін жариялаған болатын.


Тегтер:

партия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!