Мемлекет басшысы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының гала-концертін тамашалады

Фотография - Мемлекет басшысы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының гала-концертін тамашалады

Алматыда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының гала-концертін тамашалады

184 0

Алматыда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының гала-концертін тамашалады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

Концертте классикалық және халық музыкасы синтезінің негізінде әзірленген заманауи шоу-жоба көрсетілді.

Гала-концертте көрермендер алғаш рет Мұқан Төлебаевтың «Біржан мен Сара» операсындағы танымал бидің жаңаша аранжировкасын, Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін, сондай-ақ өзге де соны музыкалық туындыларды тыңдады.

Концерт финалында дәстүрлі сайыс рухындағы домбырашылар немесе әншілер айтысының баламасы іспеттес оркестр айтысы орындалды. Симфониялық және халықтық оркестрлер арасындағы музыкалық айтыстың шығармашылық мақсаты - шеберлікті және талантты көрсету, классикалық және халықтық өнер әлемін өзара жақындастыра түсу.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!