Дінді желеу етіп әскери борышын өтеуден бас тартатындардың мәселесі шешілетін болады

Фотография - Дінді желеу етіп әскери борышын өтеуден бас тартатындардың мәселесі шешілетін болады

Қазақстан Республикасының Дін істері жөніндегі агенттігі Отан алдындағы әскери борышын өтеуге діні рұқсат етпейтін азаматтардың мәселесін шешпек.

373 0

 Қазақстан Республикасының Дін істері жөніндегі агенттігі Отан алдындағы әскери борышын өтеуге діні рұқсат етпейтін азаматтардың мәселесін шешпек.

Дін істері жөніндегі агенттіктің дінаралық қатынас департаментінің директоры Бақытжан Күлекеевтің айтуынша, Қазақстан Республикасының әр азаматы Ата заңнан аттап кете алмайды. Қай діннің өкілі болғанына қарамастан ол Отан алдындағы парызын өтеуі тиіс.

«Діни сенімін желеу етіп, әскерде қызмет етуден бас тартқан азаматтардың бар екендігін айта кету керек. «Қазіргі уақытта біз адамдардың наным-сеніміне қатысты құқығына қол сұқпай, мемлекет алдындағы міндетін орындатудың өзге жолдарын іздестіріп жатырмыз»,- деді Бақытжан Күлекеев. Оның айтуынша, қару ұстауға діні рұқсат етпейтін азаматтар әскер қатарында өзге қызметтерге тартылуы мүмкін».


Тегтер:

армия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!