Айыппұл төлемегендердің техникалық төлқұжаттары тартып алынады

Фотография - Айыппұл төлемегендердің техникалық төлқұжаттары тартып алынады

Қазақстанда айыппұл төлемеген жүргізушілердің техникалық төлқұжаттары тартып алынады.

168 0

Қазақстанда айыппұл төлемеген жүргізушілердің техникалық төлқұжаттары тартып алынады.

Павлодарда полиция мен прокуратура қызметкерлері ұйымдастырған рейд барысында жүзден астам айыппұл төлемегендердің техникалық құжаттары тартып алынды. Құқыққорғау қызметкерлері көліктерді тоқтатып, базадан олардың төленбеген айыппұлдары бар, жоғын тексерген. Қарызы болған жағдайда жүргізушіден техникалық паспорты тәркіленген. Рейд барысында 15 борышкер қарыздарын сол күні-ақ жапқан көрінеді.

Прокуратура қызметкерлері осындай іс шараға баруға мәжбүр болғанын айтып отыр. Бұған дейін полиция түсіндіру жұмыстарын, жеке кездесулерді ұйымдастырған екен. Алайда, олардың ешқайсысы тиімді, нәтижелі болмапты. Осындай іс шара облыс орталығында алғашқы рет ұйымдастырылып отырған жоқ. Бүгінде Павлодар облысы бойынша төленбеген айыппұл мөлшері 250 млн теңгені құрап отыр.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!