Алматыда автокөліктер газбен жүретін болады

Фотография - Алматыда автокөліктер газбен жүретін болады

Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

212 0

Алматыда экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында автокөліктерді біртіндеп газға көшіру жобасы жүзеге асырылуда. Бірнеше жыл бұрын қала әкімдігі мен BG Kazakhstan және «ҚазТрансГаз» АҚ (ҚазМұнайГаздың серіктес компаниясы) компаниялары бірлесіп осындай жобаны қолға алған болатын. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«2009 жылы қала әкімдігі, BG Kazakhstan және «ҚазТрансГаз» АҚ (ҚМГ-ның серіктес компаниясы) бірлесіп қала ауасын тазарту үшін күрес жүргізу жөнінде шешім қабылдады. 2010 жылы  «ҚазТрансГаз» АҚ мен BG Kazakhstan  бірлесіп, автокөлік газы толтырылатын компрессорлық станция (АГТКС) салып, пайдалануға берді. Өз кезегінде әкімдік те 2011 жылдың басында  сығымдалған табиғи газбен (СТГ) жүретін 200 автобустық парк ашты», дейді ҚМГ баспасөз қызметі.

Аталған бастама қала ауасын тазарту және экологияны жақсарту  бойынша үлкен жобаның басы болды.  Бұл болашақта республика бойынша да көмір қышқыл газын 25 пайызға, азот оксидін 35-60 пайызға, улы газды 90-97 пайызға азайтуды мақсат еткен үлкен іс еді.

Жалпы, қазіргі таңда Алматыда үш АГТКС жұмыс істейді.  Биыл екінші тоқсанның аяғына дейін қосымша тағы үш автомобильдерді табиғи газбен қамтамасыз ететін станция пайдалануға беріледі.

2011-2012 жылдары барлығы  20 миллион текше метр сығымдалған табиғи газ өткерілді. Ол бензин, дизель сияқты дәстүрлі мотор отынының 20 миллион литріне сәйкес келеді.  Бұл қала ауасын тазартуға айтарлықтай көмегін тигізді.

Бұдан басқа «ҚазТрансГаз» АҚ автокөліктерді табиғи газға көшіруге көңіл бөлуде. Мәселен, 2012 жылы компания есебінен қаланың денсаулық сақтау мекемесінің 50 көлігі, «Тұлпар Такси» жекеменшік мекемесінің 20 көлігі қайта жабдықталып, газға ыңғайластырылды. Жалпы өз қаржысы есебінен компания 200 көлікті қайта жабықтауды жоспарлауда.   

Айта кету керек,  әкімдік тарапынан да қала экологиясын жақсартуға байланысты біршама жұмыстар, оның ішінде газбен жүретін көліктер автопаркін ұйымдастыру қолға алынды. 2013 жылы  әкімдік 2000 көлікке арналған екініші муниципалды автобус паркін  ашуды көздеп отыр.

Сондай-ақ әкімдіктің бастамасымен және қолдауымен  жекеменшік автопарктер газбен жүретін  100 автобус, жекеменшік таксопарктер 100 такси сатып алмақшы. Алматы қаласы бойынша  2015 жылы көліктерге  жылына 40 милллион текше метрге дейін сығымдалған газ жұмсалатын болады. Қала тұрғындарының газбен жүретін көліктерге деген сенімі біртіндеп айқын көрініп келеді.  Қалада газбен жүретін жеңіл көліктер, атап айтқанда  Mercedes-Benz, Volkswagen  сияқты атақты компаниялардың мәшинелері ашық сатылуға қойылатын болды.


Тегтер:

бензин

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!