Жемқорлардың тізімі жасалатын болады

Фотография - Жемқорлардың тізімі жасалатын болады

Кеше «коррупциямен күрестің жаңа кезеңінің басталатындығы» жарияланды. «Нұр Отан» партиясы, Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігімен бірлесіп, коррупцияға қарсы тұру туралы арнайы заң жобасын әзірлепті

185 0

Кеше «коррупциямен күрестің жаңа кезеңінің басталатындығы» жарияланды. «Нұр Отан» партиясы, Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігімен бірлесіп, коррупцияға қарсы тұру туралы арнайы заң жобасын әзірлепті. Бұл заң қабылданса, «жемқор тұлғалардың тізімі» жасалады.

Тағы бір жаңалық: Қазақстанда мемлекеттік қызметке тұрушылардың табыстары мен шығыстары туралы декларациялары ғаламтор арқылы халыққа жария етілмек. Бір қызығы, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған немесе коррупциямен күреске қандайда бір жолмен көмек көрсеткен тұлғаларға қомақты сыйақы ғана беріліп қоймай, енді оларды мемлекет тіпті жеке күзетпен қамтамасыз етуі мүмкін.



Қазақстан заңгерлері одағының төрағасы, Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің басшысы Рахмет Мұқашев еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күрестегі қазіргі «барлық шешілмеген мәселелерді осы бір заңда қордалап», түйінін тарқатуға талап жасалып отырғандығын айтады.


– Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі негізқұраушы заң бар, бірақ сонымен қатар бүгінде біздің елімізде коррупцияға қарсы тұру саласында қабылданып жатқан күш-жігердің әлі күнге біз қалаған нәтиже бермей отырғандығын ашық айтуымыз керек, – деді депутат Рахмет Мұқашев. – Мұндай әлеуметтік құбылыс елімізде бар, проблема да бар, алайда олар сонша тиімді шешіліп жатқан жоқ.Коррупцияға қарсы тұрудың қазіргі құқықтық жүйесі көптеген жағдайда, халықаралық құқықтың талаптары мен бағыттарынан артта қалып қойғандығын мойындамауға болмайды, бұл сайып келгенде жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін азайтады.


Қаржы полициясы төрағасының орынбасары Андрей Лукин Тұжырымдамасы кеше талқыға салынған коррупцияға қарсы тұру туралы заңымен бірге Қазақстанда «сыбайлас жемқорлықпен күрестің сапалы жаңа кезеңі» бастау алатындығын мәлімдеді.

Енді осы құжаттың елді елең еткізерлік бірқатар жаңалық­тарына тоқтала кетсек. Заң жо­басының «Қаржылық бақылау шаралары» деп аталатын 25-ба­бында мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларды атқарумен байланысты лауазым­дардан үміткерлердің табыс­тары мен шығыстары туралы мә­ліметтер «мемлекеттік орган­дар­дың, жергілікті өзін-өзі бас­­­қару органдарының, мемле­кеттік корпорациялардың, бас­қа ұйымдардың интернет ақпараттық-коммуникация­лық желісіндегі ресми сайттарын­да орналастырылады делінген.


Рас, бұл тұлғалардың кі­рісі мен шығысы деклара­циясындағы кейбір тұстар, ғаламторда жа­рия­ланбас бұрын, қара бояу­мен боялмақ. Өйткені заң жо­басында дек­ларацияларда атал­ған тұлға­ның, оның туыс-туғандары­ның және басқа тұл­ғалардың тұрғылықты мекен­жайын жә­не жеке сәйкестен­ді­ру нөмірін (ИИН) жария етуге тыйым са­лы­натындығы нықталады.

Заң жобасының 28-бабына сәйкес, коррупциялық қыл­мыс жасаған тұлғалар туралы мәлі­­мет арнайы тізімде көрініс таба­­тын болады: «Мемлекеттік орган­дар, Қазақстан Респуб­ликасының мемлекеттік қыз­метшілер реестріне енгізу мақ­сатында, сыбайлас жемқор­лық қылмыс­тары мен әкімшілік құқық бұзушылықтар жаса­ғаны үшін кінәлі деп танылған мемлекет­тік қызметшілер тура­лы ақпа­рат ұсынады» деп жазыл­ған осы бапта.  Тағы бір қызықты жаңалық: өз өкілеттіктерін мінсіз орын­­дай­тын мемлекеттік қыз­мет­­­шілер «адалдығы мен са­­­­­тыл­­май­тындығы үшін» ма­дақ­­­талып, марапатталатын бо­ла­ды. Ол ол ма, «жоғары мем­лекеттік лауа­зымдарға тағайындау кезін­де», «адал­дығы мен сатылмайтын­дығы үшін» марапатталғандар­ға басымдық беру көзделуде! Еліміздегі ЕҚЫҰ-ның Ас­танадағы орталығы секілді халықаралық және отандық үкіметтік емес ұйымдар бұл заң жо­басына оң бағасын берді.

Айхан ШӘРІП


Тегтер:

партия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!