Прагадағы жарылыс кезінде қазақстандық екі азаматша жарақат алды

Фотография - Прагадағы жарылыс кезінде қазақстандық екі азаматша жарақат алды

деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

176 0

29 сәуір күні Прага орталығында күшті жарылыс болып, салдарынан ғимарат құлады. Зардап шегушілердің арасында Қазақстанның екі азаматшасы бар, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

«ҚР Прагадағы Елшілігінің мәліметтері бойынша, жарылыс кезінде көршілес ғимаратта болған екі Қазақстан азаматшасы терезе сынықтарынан жеңіл жарақат алған. Оларға Прага әскери ауруханасында медициналық көмек көрсетіліп, қазіргі таңда олар үйлеріне қайтарылған», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 29 сәуір күні Прага орталығында күшті жарылыс болды. Өрт сөндіру қызметкерлерінің айтуынша, 55-тен аса адам түрлі жарақат алған. Әзірге үйінділер астында 3 адам қалып отыр, олардың жағдайы белгісіз. Полицияның алдын-ала мәліметтерінің біріне сәйкес, жарылыс газ кемуі салдарынан болған.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!