Үкімет 50 жастан асқан азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарын қабылдады

Фотография - Үкімет 50 жастан асқан азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарын қабылдады

Аталған жоспарды Үкімет мүшелері алдында таныстырған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовтің айтуынша, бүгінгі таңда елімізде жасы 50-ден асқан жұмысшылардың үлесі халықтың экономикалық белсенді жалпы санының небәрі 6,3 пайызын ғана құрайды

184 0

Үкімет 50 жастан асқан азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарын қабылдады.

Аталған жоспарды Үкімет мүшелері алдында таныстырған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовтің айтуынша, бүгінгі таңда елімізде жасы 50-ден асқан жұмысшылардың үлесі халықтың экономикалық белсенді жалпы санының небәрі 6,3 пайызын ғана құрайды. Оған қоса, еліміздің статистика агентігінің мәліметі бойынша олардың қоғамдық өндіріске қатысуы жастарының артуына байланысты азайып келеді.


«Сондықтан, бұл жас санатындағы азаматтардың жеткілікті зейнетақы жинағын жасауға көмектесу және жұмыссыздықтың жалпы деңгейін төмендету үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірқатар шаралар ұсынады»,-деді ол.


Министрдің атап өтуінше, аталған кешенді жоспар мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген. Бұған қоса, жоспарда халықаралық еңбек ұйымының ұсыныстары ескерілген. Бұл ұсыныстар жұмыс істегісі келетін барлық егде жастағы адамдарға жұмысқа тұруы үшін мүмкіндік беру, қарт адамдардың әлеуметтік-экономикалық әрі саяси үлесін тану, ауылдық өңірлердегі өмір мен инфрақұрылым жағдайын жақсарту, үздіксіз білім беру, кәсіби дайындау, зейнет жасындағы адамдардың әлеуеті мен арнаулы білімін пайдалану сияқты жайттарды қамтиды.


«Кешенді жоспар бүгінгі таңда мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру аясында жұмыс орындарын құруды қамтиды. Атап айтқанда, әйелдердің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына кеңінен тартылуы, «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында 50 жастан асқан тұлғалар арасында кәсіпкерлікті ынталандыру көзделген»,-деді С. Әбденов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!