Еңбек министрі Серік Әбденов әлеуметтік желіден аккаунт ашпақ

Фотография - Еңбек министрі Серік Әбденов әлеуметтік желіден аккаунт ашпақ

Бұл туралы ол бүгін Үкімет отырысынан соң журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.

206 0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов ғаламтордағы өзіне қатысты жағымсыз дүниелерге соншалықты мән бермейді. Бұл туралы ол бүгін Үкімет отырысынан соң журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.

Ол ғаламтордағы өзі туралы әзіл-оспақ дүниелерді, өзін әлеуметтік желілерде «министр Патамушта» деп атағанын білетінін, оған аса мән бермейтінін, күле қарайтынын айта келе: «Алайда, бұл өте маңызды реформа, сондықтан оны қылжаққа айналдырудың жөні жоқ. Қартайғанда еңбектің зейнетін көру дегеніміз – әрбір қазақстандыққа қатысты мәселе емес пе», - деді.

Сондай-ақ ол арандатушылыққа қарамастан, аймақтарға сапарын жалғастыра беретінін мәлімдеді. Сосын жақын уақытта әлеуметтік желіде аккаунтын құратынын айтты. Бірақ нақты қандай желіні таңдап отырғанын әзірше жариялаған жоқ.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!