Әсет Исекешевтің жалақысы қанша?

Фотография - Әсет Исекешевтің жалақысы қанша?

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ол осы сұраққа жауап берді. 

226 0

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің жалақысы қанша? Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ол осы сұраққа жауап берді. 

«Жақында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов жалақысы қанша екенін жария етті, Сіз өз жалақыңыздың қанша екенін айта аласыз ба» деген журналистердің сұрағына жауап берген Индустрия министрі әріптесімен салыстырғанда, артық жалақы алмайтынын айтты.

«Жалақымыз - бірдей. Біз әріптесбіз (Серік Әбденовпен – агенттік) ғой. Жалақымыз бірдей», - деп жауап берді.

Яғни, Әсет Исекешевтің жалақысы 600 мың теңге шамасында. Бұған дейін, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов «жалақысы 600 мың теңге шамасында», ал зейнетақы қорындағы салымы «3,5 млн теңгеге жуық» екенін жария еткен болатын.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!