1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні

Фотография - 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні

100-ден астам ұлт тұратын Қазақстан халқы үшін бұл мерекенің орны бөлек

244 0

 Бүгін, 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1996 жылғы Жарлығы бойынша 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні ретінде аталып өтуде.


100-ден астам ұлт тұратын Қазақстан халқы үшін бұл мерекенің орны бөлек. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығы негізінде Елбасы жанынан кеңесші-қатысушы орган ретінде Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Ассамблея құру туралы идеяны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы Тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының Форумында көтерген болатын.

Көптеген ұлттардың ортақ шаңырағына айналған Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгілік жолды нұсқап келеді. Әйтсе де, ұлтаралық келісім мен дінаралық татулықтың алтын бесігін тербету аяқ астынан туындаған немесе қазақ даласында өздігінен пайда болған дүние еместігі бесенеден белгілі. Ел иесі, жер иесі саналатын қазақ халқы алмағайып замандарда шартараптан бас сауғалаған, тағдыр тәлкегімен босып келген басқа жұртты бауырына басты. Өзінің тоз-тозы шыққанына қарамастан, басқаның қайғысына да ортақтығын танытты. Кеңестік жүйе қыспағымен қазақ даласын паналаған бөтен жұрт осында мәңгілік тұрақтап қалды. Тәуелсіздік тұсында да қырықжамаудай болған ұлттық құрамдағы осы ерекшелікті негізге алғандар «жаңадан пайда болуы ықтимал үлкен қақтығыстар алаңы» ретінде қазақ даласын меңзеген еді. Алайда, қазақ халқының даналығы, кеңдігі мен сыйластығы этностық тегіне, әлеуметтік, діни және де шығу тегіне қарамай, жаңа мемлекеттің барша азаматының ұйысуына себепші болды.


Тегтер:

Мереке

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!