Елбасы барша қазақстандықтарды халық бірлігі күнімен құттықтады

Фотография - Елбасы барша қазақстандықтарды халық бірлігі күнімен құттықтады

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Қазақ елі» монументі жанындағы алаңда барша қазақстандықтарды ел бірлігі күнімен құттықтады.

168 0

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Қазақ елі» монументі жанындағы алаңда барша қазақстандықтарды ел бірлігі күнімен құттықтады.

Елбасы осы айтулы мерекеге арналған салтанатты шараға қатысып, мерекелік концертті тамашалады. Сондай-ақ, "Қазақ елі" монументі алдындағы алаңда орналасқан этномәдени бірлестіктер қалашағын аралады. Осыдан кейін Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды халық бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтады.

Елбасының атап өтуінше, бүгін Қазақстанның барлық аймақтарында 4 мыңнан астам мерекелік шаралар өтуде. Оған 3 миллионнан астам адам қатысуда. «Майқы би бабамыз "Төртеу түгел болса, төбедегіні аласың, алтау ала болса, ауыздағыдан айрыласың» десе, Төле би бабамыздан «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген сөз қалды. Ал Абай бабамыздың «қазақ пен қазақ болмасаң дос, істің бәрі бос» деген сөзі бар. Сондықтан осының барлығы - елдің бірлігі үшін ата-бабаларымыз беріп кеткен аманат. Барлық қазақстандықтарды көктемнің шуақты күнімен, бірлік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын», - деді Н. Назарбаев.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!