Шетелдік етке шектеу қойылмақ

Фотография - Шетелдік етке шектеу қойылмақ

Ауыл шараушылығы Министрлігінің басқарма бастығы Гүлнәр Нокина жалпы саны 27 мемлекеттің ет өнімі шекарадан өтпейтінін мәлімдеді.

165 0

Шетел етіне шектеу қойылады. Қазақстан Еуроодақ мемлекеттерінен ірі қараны әкелуге тыйым салды. Ауыл шараушылығы Министрлігінің басқарма бастығы Гүлнәр Нокина жалпы саны 27 мемлекеттің ет өнімі шекарадан өтпейтінін мәлімдеді.

Басты себеп, олардағы ірі қара малда Шмалленберг вирусының таралуы тоқтамай тұрғаны. Сонымен қатар, Қазақстан аумағына африка елдерінен және Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мемлекеттерінен ет өнімдерін әкелуге тыйым салынған.

Еліміздегі ет өңдейтін кәсіпорындарынға шикізат тек Ресей, Белорус, Аргентина, Бразилия, Канада және Моңғолияның екі аймағынан тасымалдануға рұқсат етілген. Ал, асыл тұқымды ірі қараны қазақ жеріне жеткізуге тек бір елге ғана мүмкіндік берілген.

Гүлнәр Нокина, ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігі, ветеринария және тағам қауіпсіздігі басқарма бастығы:

Бүгінгі күні ірі қараны тасымалдау жұмыстары тек қана Австралия мемлекетімен жүргізіледі. Онда ветеринария қызметі өте кәсіптік деңгейде жұмыс істейді. Бұл мемлекет барлық ережелерді қатаң сақтағандықтан, онда түрлі вирустардың таралуы мүмкін емес. Сондықтан, оларда ірі қараның саны көп.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!