22 жылдан бері болмаған жұмысты қайдан табасыздар

Фотография - 22 жылдан бері болмаған жұмысты қайдан табасыздар

 Ауылда әйелдерге жұмыс жоқ. 22 жылдан бері табылмаған жұмысты қайдан тауып бересіздер

216 0

Бүгін Сенат депутаттарының алдына зейнетақы жүйесін жетілдіру туралы заң жобасын таныстыра келген ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовке депутат Қожахмет Баймаханов осы сауалды қойды.

«Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында «Бұқарбай батыр» деген үлкен шаруашылық бар. Қазақстанда ондай шаруашылықтар аз деп ойлаймын. Сол шаруашылықта 464 балаға арналған мектеп, балабақша, аурухана бар. Мен сол аудандағы 18 жас пен 60 жас аралығындағы әйелдердің тізімін жасадым. Барлығы 663 әйел бар екен. Соның екеуі – ауыл әкімдігінде, 71-і мектеп, 36-сы балабақшада, 15 қыз-келіншек ауруханада, 5 әйел заты мәдениет үйінде, біреуі кітаханада жұмыс істейді екен. Тағы 9 сауда дүңгіршегі бар. Оны да жұмыс орны деп есепке алдым. Сонда 663 әйелдің ішінде 523 әйел жұмыссыз отыр. Ол жергілікті биліктің кінәсі, не болмаса әйелдерлің жалқаулығы емес. Ол – жұмыстың жоқтығы. Сіз 508 жұмыс орнын ашып, 50-ден асқан әйелдерді жұмыспен қамтимыз дейсіз. Оларға қайдан жұмыс тауып бермекшісіздер? Ауылда әйелдерге жұмыс жоқ. 22 жылдан бері табылмаған жұмысты қайдан тауып бересіздер», - деді өз сауалын жолдаған Қ.Мәдібайұлы.

«Ауылда зауыт-фабрика ашамыз деген жоспар жоқ. Ол мүмкін емес те. Ауыл азаматтары негізі жер-малмен айналысады. Осы еңбек көздерін пайдалана отырып жұмыс істейміз деген азаматтарға қаражат керек болады. Ауылдарда банк жұмыс істемейді. Сондықтан, Үкімет жұмыспен қамту бағдарламалары арқылы ауыл азаматтарына шағын несие беру тетіктерін қарастырған. Қазіргі таңда 800 мың адамға шағын несие берілді. 4,5 мың адамға жұмыс орны ашылды. Осы шағын несие беру жөнінде жалпы жоспарымыз бар, 2026 жылға дейін 865 мың азаматты осындай бағдарламаға тартамыз», - деп жауап берді Еңбек министрі Серік Әбденов сенатордың сұрағына.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!