Байларға зейнетақының түк те керегі жоқ

Фотография - Байларға зейнетақының түк те керегі жоқ

Қазақстанда зейнетақы жүйесін жетілдіру туралы заң жобасының Сенаттағы таныстырылымында жоғары палата депутат Қуаныш Айтаханов осындай пікірін жеткізді.

111 0

Бай азаматтарға, жеке кәсіпкерлерге, меншігі бар азаматтарға зейнетақының ешқандай керегі жоқ. Қазақстанда зейнетақы жүйесін жетілдіру туралы заң жобасының Сенаттағы таныстырылымында жоғары палата депутат Қуаныш Айтаханов осындай пікірін жеткізді.

«Әрине, зейнетақы реформасын талқылау қызу жүріп жатыр. Сан түрлі пікір бар. Менің айтатыным,  мынау байларға зейнетақының түк те керегі жоқ. Өзінің меншігі бар көптеген азаматтарға, кәсіпкерлерге де зейнетақыны керегі жоқ. Бұл зейнетақы мұғалімдерге, дәрігерлерге, ауыр жұмыс істейтін әйелдерге және ауылдағы әйелдерге керек. Осы төрт категорияның жағдайын жақсартпай зейнетақы реформасын алға бастыру мүмкін емес», - дейді Қуаныш Айтаханұлы.

Бұл ретте сенатор Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовтен көзделіп отырған өзгерістерде бірқатар мәселелердің неге екінші кезеңге ысырылып тастағанын сұрады.

«Өздеріңіз бірқатар өзгерістерді бірінші кезең, екінші кезеңде жүзеге асырылады деп айтып жатырсыздар. Бәрімізді халық сайлағаны анық,  біз халық атынан сөйлейміз. Олай болса, халыққа қажетті шаралар, атап айтсақ, жалақыны көтеру, 500 мың жұмыс орнын ашу, 50 жастан асқан әйелдерге жұмыс тауып беру, несие беру, ауыл азаматтарын жұмыспен қамту сияқты халыққа аса қажет жағдайлар неге екінші кезеңге шегерілгенін айтыңызшы?

Мысалы, әйел адам бала туып, оның тәрбиесімен айналысуға жаралған. Төрт-бес сәбиді дүниеге әкеліп, 10 жыл бағып-қағып отырған әйелдің жалақысы да, тиісінше зейнетақы қорындағы салымы да болмайды. Сол кезең ішінде мемлекет сол аналарымыздың қорларына ақша аударып отыруы керек. Осылардың бәрін неге біз бірінші кезеңде шешіп алмаймыз. Біз атты арбаның алдына емес, артына әкеп қойғандаймыз. Неге асықтық, айтыңызшы», - деді сенатор министрге сауал қоя отырып.

«Бірінші кезең, екінші кезең деп бөлінгені келесі мәселемен байланысты: ең бастысы, бұл ретте көп нормалар 2014 жылдың 1 қаңтарынан кешікпей күшіне енуі керек, міне осымен байланысты. Мысалы, әйелдердің зейнетке шығу жасын ер азаматтармен теңестіру, кәсіптік зейнетақы жарналарын енгізу мәселелері шегерілуге келмейді. Сондықтан, үкімет тарапынан осылай шешім қабылданды. Әрине, көтеріп отырған мәселелеріңіз дұрыс.

Ол сұрақтар қазір тиісті бюджетік сараптамадан өтіп, 1 қыркүйекке дейін тиісті шешім қабылданады. Заң жобасында көп балалы аналарға арналған жеңілдіктер бар. Жұмыс істемеген көп балалы ана 53 жасында зейнетке шығады. Жұмыс істемей, төрт баланы асыраған мерзімі еңбек өтілімі ретінде есепке алынып, ынтымақтық жүйеден тиісті зейнетақымен қамтылады», - деп жауап берді министр.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!