Әскери ұшқыштар «ойын-өрнек» көрсетеді

Фотография - Әскери ұшқыштар «ойын-өрнек» көрсетеді

7 мамырда «Отардағы» 40-әскери базада Отан қорғаушылар күніне орай өткізілетін әскери парадта «Миг-29» және «Миг-27» әскери ұшақтарының ұшқыштары жиналған жұртшылыққа әуедегі «қоян қолтық» ұрыстың қайталанбас қимыл-әрекеттерін көрсететін болады

423 0

7 мамырда «Отардағы» 40-әскери базада Отан қорғаушылар күніне орай өткізілетін әскери парадта «Миг-29» және «Миг-27» әскери ұшақтарының ұшқыштары жиналған жұртшылыққа әуедегі «қоян қолтық» ұрыстың қайталанбас қимыл-әрекеттерін көрсететін болады. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіндегі­лердің айтуынша, Қорғаныс министрлігінің «Жетісу» деп аталатын ұшу тобының ұшқыш сарбаздары «Су-27» әскери ұшақтарымен әуеде ұшудың ең жоғарғы көрсет­кіші саналатын «оңқай қисық тұзақ», «ұрыс айналымы» және «Нестеров тұзағы» тәрізді әуедегі қоян-қолтық ұрыстың айрықша айла-тәсілдерінің бірсыпырасын ашық аспан астында жұртшылық назарына ұсын­бақ.


Әскери ұшқыш сарбаздарға ұшқыш-снайпер, Әуе қорғаныс күштері бас қолбасшысының орынба­са­ры, генерал-майор Нұрлан Орманбетов жетекшілік етеді. Сондай-ақ подполковник Асқар Ізбасовтың басқаруы­мен Балқаштағы әскери ұшқыштарды дайындай­тын орталықтағы ұшқыш-нұсқаушылардан құрылған «Сұңқар» ұшқыштар тобы оқу-жаттығуға арналған алты Л-39 ұшағымен аспан астында әскери ұшақпен ұшудың ерекше әдіс-тәсілдерін көрсететін болады.

– Бұған қоса, Әскери парад кезінде Ми-26, Ми-24, Ми-17, Қазақстанда құрастырылған ЕС-145 «Еврокоп­тер» және Хьюи тәрізді әскери тікұшақтар әуеге көтеріліп, әскери ұшқыштар қайталанбас «ойын» өрнектерін жү­зеге асырмақшы. Қазіргі уақытта алдағы күндерде өткізі­­ле­тін әскери парадқа қатысатын әскери ұшқыштар алуан түрлі ұшақтармен және тікұшақтармен сан түрлі тә­сілдерді әуе кеңістігінде талай мәрте қайталап, дайын­дықты барынша күшейте түсуде. Сондай-ақ Ми-8 мар­калы әскери-көліктік тікұшақ ұшқыштарынан құрыл­ған арнайы топ бағындырылуы өте қиын авиациялық ракеталарды ұшыруға жаттығып жатса, Ми-24 тікұша­ғының тобы әуеден түсірілуі мүмкін десанттық топ­ты «қорғау» шараларын жүзеге асыруға сақадай-сай дайындалуда. Өткен дүйсенбіде «Отардағы» 40-әскери базаның полигонына С-295 әскери-көлік ұшағы арқылы арнайы бағыттағы бөлімшенің сарбаздары парашют арқылы түсті. Бұл – Қазақстанның әскери әуе күште­рі­не  «Airbus Military» компаниясында жасап шығарыл­ған С-295 әскери-көлік ұшағы жеткізілгелі бері жүзе­ге асырылған алғашқы іс-шара. Алғашқы әскери іс-шара әскери ұшқыштармен қатар арнайы бағыттағы бөлім­ше сарбаздарының да дайындық деңгейлерінің өте жоға­ры екендігін көрсетті. Тағы бір маңызды нәрсе, әскери па­рад кезінде полковник Рүстем Тілеумағамбетов басқара­тын казақстандық әскери ұшқыштар С-295 әскери ұша­ғын тұңғыш рет топырақты ұшу-қону алаңына қондырмақ. Осы жылдың 7 мамырында өткізілетін Қазақстан қарулы күштерінің әскери парадына 86 әскери ұшақ пен тікұшақ қатыстырылады деп күтілуде. Сондай-ақ жеті мыңнан астам сарбаз, 400-дей бронды және автомобиль техникалары қатысады деп жоспарланып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!